Шамшия Жубатова

Страна: Казахстан

Шамшия Жубатова родилась 27 апреля 1955 года в южном регионе Казахстана. Окончила факультет журналистики Казахского национального университета имени аль-Фараби. Автор более десяти книг: «Махаббат көктемі» (1995 г.), «Гүлдегенде алма ағашы» (2000 г.), «Кездесу» (2000 г.), «Темір үйдің тұрғыны» (2010 г.), «Қайта оралған көктем» (2010 г.). ), «Жоғалмаған желкен» (2012), «Далила» (2017), том 6. На казахский язык она перевела полную версию сборника стихов «Сломанная скрипка» великого французского поэта Пьера-Жана де Беранже, а так же роман-очерк «Волчье сердце» выдающегося казахского писателя Бакытжана Момышулы. В 2016 году отредактировала 15 томов казахской поэзии, изданных «Издательским домом «Нұрлы әлем» и внес значительный вклад в издание многотомника. Редактор международного журнала «Дәм». Коммерческий партнер Международного Медиа Центра «Түркі әлемі» в сфере телеканалов, ведущий телепрограмм «Кемпірқосақ», «Тұлға», «Ана жүрегі» и является автором ещё нескольких телевизионных проектов. Член Евразийской творческой гильдии. Член ряда казахстанских и зарубежных творческих объединении.

Country: Kazakhstan

Shamshiya Zhubatova was born on 27 April 1955 in the southern region of Kazakhstan. Graduated from the Faculty of Journalism of Al-Farabi Kazakh National University. Author of more than ten books: «Mahabbat koktemi» (1995), «Guldegende alma agashy» (2000), «Kezdesu» (2000), «Temir uiding turgyny» (2010), «Qaita oralgan koktem» (2010), «Zhogalmagan zhelken» (2012), «Dalilah» (2017) and etc. She translated into Kazakh the complete version of the collection of poems «Broken Violin» by the great French poet Pierre-Jean de Beranger, the novel-essay «Heart of the Wolf» by the prominent Kazakh writer Bakytzhan Momyshuly. She edited 15 volumes of Kazakh poetry published by «Nurly alem Publishing House» In 2016and made a significant contribution to the publishing of the publication. Editor of the international «Dam» magazine. Commercial partner of the International «Turkic World» Media Center in the field of TV channels, and the host of the TV programs «Kempirkosak», «Tulga», «Ana zhurek», and the author of other television projects. Member of the Eurasian Creative Guild. Member of several Kazakh and foreign creative societies.

Отрывок из поэмы “Сайрагүл

Сайрагүл

(дастан)

Кіріспе

 

Айналайын аспан асты, күн үсті,

Жалтыратып көрсетесің күмісті.

Күміс тағып, жылтыраумен тұрар ек,

Қалай тастап кете аламыз жұмысты?

 

Жүгірген аң, ұшқан құсым, көктегім,

Мен де құспын, қанаты жоқ деп пе едің?

Мамық көлде мақта қыз боп жүрейін,

Саусағымнан қыса көрме тек менің.

 

Оң жағымнан бұрқыраған дауылдар,

Сол жағымнан бұрқыраған дауылдар,

Ілестіріп кете алмассың сен мені,

Ту сыртымда қалың орман -қауым бар.

 

Арша талдар бұлғағанда желегін,
Жер үстінде зымыраумен келемін,
Зымыраудан шаршамаспын мен енді,
Жер -Анамыз ұлғайтпаса көлемін.

 

Сайрагүл қыз, ақ маңдайлы, ақ тамақ,

Есіміңді қайталаймын жаттап ап.

Үкі құстың  қауырсынын үзейін,

Кету үшін сәукелеңе хат қадап.

***

Сайра, сайра, сайра, өмірдің бұлбұлы,

Дүрілдеген кең даланың дүлділі.

Арза айтумен ала шапқын мезгілге

Арулар жоқ деп айтуда бұл күні.

Жеті әлемнің жеті есігі ашылып,

Сенен алсын озық ойлы үлгіні.

 

Жалын шашып, жарқырайды төрде күн,

Сен болғасын, мен жоғары өрледім.

Отаны жоқ оралман деп аталған

Ең керемет мүсінісің көрменің.

Қос өренің жетегіңе оралып,

Аз мезгілде не қиындық көрмедің?

 

 

Алтын ұшы тиген кезде күрекке,

Айтылғанда бір ризалық, бір өкпе,

Ақиқатың айдалада жүрген жоқ,

Шындық іште- шырылдаған жүректе.

Сенім атты серігіңе сенбесең,

Қос бөрене жарамайды тірекке.

 

Іштегі үйің, іштегі Отан өлмесін,

Бостатып қой Кеңістіктің бөлмесін.

….

Үміт шамы жарқырасын, сөнбесін.

Қысқармасын май шамыңның білтесі,

Қарауытып көлеңкелер төнбесін.

 

Қысқармасын май шамыңның білтесі,

Желбіресін арғымақтың күлтесі.

Жасыл тармақ шырша талы қол созып,

Көрінеді келген Жаңа жыл төсі.

Қиындықтар, артта тағдыр сынағы,

Оларға да қолыңды бір сілтеші.

 

Қысқы бақта құстар әнге салғанда,

Жаңа жылың тағы келіп қалған ба?

Балалығың алыстағы қол бұлғап,

Қайтер еді шанасына алғанда?

Балалықтан асқан бақыт бар ма екен

Бұл өмірде, бұл  қызықты жалғанда?

 

Мынау жұмбақ, түсініксіз ғасырда,

Дұрыс адам оңайлықпен жасыр ма?

Қалықтап ұш, қарлығашы қазақтың,

Аспан тауға қанатыңды асыр да.

Ақ тамақ күн Алатауда қалқысын,

Құшағыңда суық темір балқысын,

Тарпаң тағдыр жарлығына бас ұрма!

 

Қауіпті емес Батыраштың балтасы,

Терең емес қиындықтың қалтасы.

Алау — жүрек ару әйел мойнында

Жарқырайды алып қуат алқасы.

Қайырым күтіп Хан сарайға қарайды

Қазақы елдің қара көзді қалқасы.

 

Босаңситын босқын деген немене,

Міну ме екен ескегі жоқ кемеге,

Сол бір кеме толқын жалын жеңе ме?

Жұпар аңқып жусан иісі шалқысын

Жылы жаңбыр тиген кезде денеге.

 

Маңдайында жарқыраған бақ — нұры,

Сайрагүл қыз-  қазағымның тағдыры.

Шолпан жұлдыз жарығының сәулесі,

Мынау шексіз жаһаннамның тарлығы,

Жаратқанның жетпей тұрған Жарлығы.

Қазақ қызы, қарғы тауды басынан,

Мойныңдағы жұлып тастап қарғыны.

 

Қазақ қызы, қарғы тауды басынан,

Тауда жүріп, тасты илеген жасынан.

Баян тапты тау ішінде Қозыны,

Ақтоқты өткен Ахан сері қасынан,

Самал желі сипап тұрды шашынан.

 

Жарқыраған ғаламның жарық таңы,

Шындық іздеп қанша күн зарыққалы.

Шалқар айдын созылып шартараптан,

Шағаласы көңілдің шарықтады.

Айықты ма Сайра қыз науқасынан,

Амандасып қайтайын барып тағы.

 

Шалқар айдын созылып шартараптан,

Түрлі — түсті әдемі шар таратқан.

Сайрагүлжан, жолдаймын Сізге сәлем

Махаббаты аңқыған әр парақтан.

Сынағына тағдырдың тосқауыл жоқ,

Сіздей жанға мұнша жүк арқалатқан.

 

Не деп жатыр ақ шатыр, Хан сарайы,

Не дейді екен жаңғырған Жан сарайы?

Шағыл құмда ақ селеу тербеледі

Ағарумен кеткенде бар самайы.

Кімді кімге жүр екен табыстырмай

Сағыныштың бітпеген сарсаң айы?

 

Күндер ұшты төмендеп көк төбеден,

Көзім тікпей биікке өткен емен.

Сақ дәуірдің ұрпағы сен бе дедім

Өтінішің жеткенде көпке деген.

Әйел жаны жүргенде тыным таппай,

Мызғымайтын тас болып неткен әлем?!

 

Жел суырған алтын құм күректегі,

Тасқа басқан бір сенім жүректегі.

Таудай талап қарайып түн ішінде,

Темір етік тесіліп тұр өкпелі.

 

Кімге сенем өмірде, кімге сенем,

Ақ парағы ашылған түнге сенем,

Түбіндегі жүректің үнге сенем,

Шалқып басып өтемін мың көшеден.

Оңашада ішемін мұң — кеседен,

Түсінбесең сырымды үндеме сен,

Арындаған өзенім дамылдаса,

Ақ бұлақтың тамшысын гүлге себем.

Қайран өмір құшағын жыр ғып ашып,

Мұнарасы жақұттан бұрғы басып,

Менің жарқын ғұмырым жазды аңсаумен

Кеңістіктің төріне тұрды ұласып.

 

Арындаған өзенім дамылдасын,

Жанашырым, өйткені, жанымдасың.

Жамбыл атам табыстап аманатын,

Жақ сөйлейді білгесін жаңылмасын.

Үлбіредім гүлдердің қауызында

Көйлегіме ақ маржан тағынғасын.

Махаббаттың тұрағын іздемес ем,

Ғұмыр бойы білгенде табылмасын.

 

Асау өзен арнасы ақтарылды,

Судыратты жапырақ бақтарымды.

Сізге арнадым, сырласым, ашып оқы,

Толқындарда толқыған хаттарымды.

 

Қара түннің бұрымын қап — қара ғып,

Толқындарда барады хаттар ағып.

Жауқазын жыл жанары жәудіреген

Жасампаздық ұранын жаттары анық.

 

Бір ғаламат дүние төңкерілген,

Орын алып қойғанда ен төрімнен.

Мен әрдайым Күнменен бір оянып,

Ерлік жасап жүремін ер көңілмен.

Ертегі әлем шынымен кереметсің,

Күтіп жүрсің жақсылық ертеңіңнен.
Өмір деген тұрады күл болудан,

Өмір деген тұрады өртенуден.

Алтыбақан үстінде жұлдыз туды,

Айдай түрін айтайық көркем үнмен.

 

Мезгіл атты соққанда ала сағат,

Таң мезгілін тұрғанда тамашалап.

Тағы бір жан келеді дүниеге,

Менен де артық жазатын жаңаша хат.

 

Абыр -сабыр дүние, абыр –сабыр,

Гүл тереміз қызғалдақ тағынса қыр.

Ат та боып шабамыз кей сәттерде

Бала — шаға үймелеп жабылса бір.

Қалай жинап алуға болады екен

Аспан жақтан кенеттен ағылса нұр?

 

Ұлы өмірдің бітпейтін жарысында

Кей мезетте түседі бәрі сынға.

Күн дөңгелеп тұрады, сенесіз бе,

Жұмыртқаның уызды сарысында.

 

Ай дөңгелеп тұрады, күн дөңгелеп,

Кезектесіп тұрғаны мүлде бөлек.

Гүлстанда қалқыды бұлбұл құсым,

Кету үгін әлемді үнге бөлеп.

 

Жер бетінде жан қалмай емделмеген,
Жер бетінде жан қалмай сенделмеген,
Сауықтыру ғасыры есік ашты
Құлагермен құйғытып келгенде мен.
Қызыл алма төгілсе тал басынан
Қызғанышты қайтемін өңмеңдеген,
Надандықты қайтемін «Мен, мен» деген?..
Шамы сөнбес терезем сыртындағы
Көлеңкелер қалғиды көлбеңдеген.

 

Руханият жаңғырды жар басында,

Алтын тиын сылдырап арбасында.

Өткен өтсін, кеткені кете берсін,

Шалғайынан болмайды жармасуға.

Өмір өзен екен деп өкси берме,

Ағып жатыр өзінің арнасында.

 

 

Мұз бен жаңбыр, қылаулы қар құралып,

Дүниеге беймәлім бардым анық.

Толықсыған дүние торғын екен,

Толқын болып соғайын жарды барып.

 

Перзенті жоқ ананың өкініші,

Жанашырлар… ашылмас бекінісі,

Жебеушім деп ұққанның жетім ісі,

Ұятымеың ұстадым пердесінен

Қызарумен тұрғанда бетім ұшы.

 

Жүрек сырын дүние сілкіп ашып,

Селкілдеді талдары күлкі басып.

Серпілейін, сенейін, ашылайын,

Жұмбақ түсті жагымның кілтін ашып.

Жаудыраған аспанға көп қарадым,

Бауырынан кеткенде бұлты қашып.

 

Қолыма ұстап көңілдің көк табағын,

Әлденені айтуға оқталамын.

Көрінбесем, сен мені жоқтамағын,

Күтпегенде кенеттен кеп қаламын.

Жарқыраған шамдары самаладай

Қонағының бірімін көп қаланың.

 

Болса болды бүгінім тыңғылықты,

Ертеңгі күн не дерін кім біліпті?

Диірмен тастан өткенбіз мың қылықты,

«Түте алмаған жібегін жүн қылыпты».

Сері қылық қайтеміз жынды үмітті,

Ұмытайық біржола мұң -күдікті.

 

Өмір керек болғанда өр тынысты,

Досым, үркіп тұрғаның қорқынышты.

Қалың орман қаптады қарағайы,

Жанарыңның жалынды өртін ішті.

Домбырасын дүние қолына алды,

Шарап қылып шабытын шертіп ішті.

 

Самсап тұрған ақпанның самырсыны,

Шыр айналған боранның ақ ұршығы,

Жайбарақат трғанда жапан түзде

Жұпар жаңбыр жанымнан тағы ыршыды.

Азаланып болғасын, тазаланып

Желге ұшады жүректің қабыршығы.

Білемісің, мен сенің жаныңдамын,

Жақсы емес пе жаныңнан табылғаным?

Сен секілді әдемі бола алмадым,

Сен сияқты әлемге танылмадым.

 

Аптыққанда күндерің алып ұшқан,

Ойға батпа мені ойлап сағыныштан.

Жасылқырға көп қара сағымы ұшқан,

Ақша қарды уыста шағылысқан.

 

Қапшағай — күн дегенің көк теңбіл ме,

Бұрыла ма толқыны өткен күнге?

Тырналары жанымның тыраулады,

Ұлы өмірдің мәңгілік көктемінде.

Сенің қара көзіңді көргім келді

Ұзын жолдың бойымен жеткенімде.

 

Көңілімнің толқыны дірілдеді,

Қызыл шие, ернімде шырын демі.

Тілегіңді тіледім, сыртта жүріп,

Танушы ма ең, Сайрагүл, бұрын мені?

***

Күндер, күндер, ұмыт боп кешегісі,

Таңға бүгін жетті екен неше кісі?

Көктегі әлем төменге қарады ма,

Жиналмастан қалғанда төсеніші?

 

Қара бұрым көрейін қара түнді,

Бәйге алаңға қосайын бар атымды.

Қара түннің тербелген құшағында

Ай мен жұлдыз аппақ боп жаратылды.

 

***

Менің жарқын өмірім жарықтағы,

Шағала боп шалқарда шарықтады.

Ат тұрманын болғаншща алтындатып,

Арғымағым қалайша арықтады?

 

Ғаламаттар көп екен «Ғажап!» Деген,

Арманыма ұластың, азапты әлем!

Европа төрінен амандастым

Мәңгілік ел атанған қазақпенен.

 

***

Шатырлары сарайдың шайқалақтап,

Әлденені айқайлап айтады аттап.

Орнықса екен қояйық қайта мақтап.

 

Сұлу сөзден сұлу саз құралады,

Табылғанда әйтеуір бір амалы.

Сұңғақ тартқан қайың ба жол бойында,

Кім осылай тіп -тік боп жүре алады?

Тербелейін, толқиын, толғайын да,

Қайта айналып соғайын сол қайыңға.

Жолаушы өмір сен кейде адасасың,

Жол бойынан бір бағыт жолдайын да.

 

Бұлдыр ойдың көмескі тұтқындары,

Ауыздағы уыңды жұттың ба әрі?

Мен біреуге бәрібір ұқсамаймын,

Қаймағында тұрады сүттің нәрі.

 

Келешектің қонағы -Көмескі елі,

Қазақия атауың емес пе еді?!

Сен күдіктің қалғанда құшағында

Көз алдыма бір сәуле елестеді,

Жақсы болды Арқадан жел ескені.

 

Аппақ қар кеп жапқанда арша басын,

Шаршамасын жүрегім, шаршамасын,

Сен өйткені Үмітті қарсы аласың.

Үндемейсің, сөйлейсің, жар саласың,

Бітеп тастай алмайсың ар сағасын.

 

***

Әдебиет -деген ғой ардың ісі,

Жалтыраған тасының әр күмісі.

Күмбез үйдің есігі күнге қарап,

Шағылысып барады бар бұрышы.

 

Сабылдырды бұл кімдер сарсаң елді.

Ағаш талы гүлдеген барша белді?

 

Адам көрсем сүйсінем жарқыраған,

Қалған ба деп арылып бар күнәдан.

Отбасынан Отанға оралайық

Оянғанда ұйқыдан әр күні аман.

Бүтін адам қайтеді жарты мұңды,

Жартылықтың болады арты мұңды.

Жер бетілік осынау тартылыстан

Үйрене алмай келеміз тартынуды.

 

Жұлдыз, сені сүйемін жарқылы ұшқан,

Өмір іздеп жүресің әр тыныстан.

Жарық сәуле, өзіңе не жетеді,

Қанаттары күнменен шарпылысқан?

 

Ораламыз Отанға отбасынан,

Шырақтарға тамсанып шоқ тасыған.

Тәуелсіздік аталған тұғырлы елдің

Күн келбетін көруге қатты асығам.

 

Жас баладай өрімтал өршеңдігім,

Өсті, өнді, құлпырды көрсең бүгін.

Ертоқымын салайын арғымақтың,

Тораңғы аттың қайтемін тершеңдігін.

 

Ей, дүние, бой бұрма дүрбелеңге,

Дүрбелеңде жргенде күрмелем де.

Тірі жүрек тағы да құсқа айналып,

Қанат жайып, қалықтап тұрды әлемде.

 

 

Дана көңіл Даладан дара шыққан

Жаһаннамға жамалы жарасып паң.

Қайран күндер, жүретін ойланумен,

Көзіңдегі айналдым қарашықтан.

 

Өмір, өмір, келеді сені ойлағым,

Ұштым биік, құладым, абайладым.

Өткенімді еске алдым, қарайладым,

Тұрған кезде алдында тағы айнаның.

Түбі жеңіп шығады Ақтың ісі,

Жылы сөзге толғанда Хаттың іші.

Бөгет бола алмайды жер үстіне

Жұлдыздардың көктегі қақтығысы.