Берденбек Мухаметхали

Страна: Казахстан 

На постоянной основе поэт проживает в столице Казахстана г.Нур-Султан. После окончания магистратуру по специальности «физика» работал учителем физики в школе. Пишет стихи с детства, практически всю сознательную жизнь. В студенческие годы участвовал и несколько раз побеждал на соревнованиях «Айтыс». Первые стихи Берденбек опубликовал на страницах фейсбук в 2014 году, а через несколько лет вышла в свет его первая книга стихов на казахском языке. Это был сборник под названием «Волна чувств». Для поэта стихотворение — это способ творческого самовыражения, красиво и органично рассказать миру о том, что у него на душе. Через стихи он доносит до читателя свои чувства, эмоции и душевные порывы. Содержание стихов берет начало из размышлений поэта о жизни, родине, родителях, детях, учителях и любви. По мнению критиков, его стихотворение — это не просто набор чувственных изречений автора, а социальный литературный «продукт», и он несет какой-то урок или мораль для читателя.

Country: Kazakhstan

On a permanent basis, the poet lives in the capital of Kazakhstan, Nur-Sultan. In 2005 he graduated with a master’s degree in physics аnd worked as a physics teacher at school. He has been writing poetry since childhood, almost all his conscious life. In his student years, he participated and won the Aitys competition several times. Berdenbek published his first poems on Facebook in 2014, and a few years later his first book of poems in the Kazakh language was published. It was a collection called «The Wave of Feelings». For a poet, a poem is a way of creative self-expression, to tell the world beautifully and organically about what is in his soul. Through poetry, he conveys to the reader his feelings, emotions and spiritual impulses. The content of the poems originates from the poet’s reflections on life, homeland, parents, children, teachers and love. According to critics, his poem is not just a set of sensual sayings of the author, but a social literary «product», and it carries some kind of lesson or morality for the reader.

Отрывок из поэзии «САҒЫНЫШ»

Бұл кітапта Берденбек жыраудың соңғы үш жылда жазған өлеңдері топтастырылған.  Бұл кітапта қазақтың қыз бен жігіт айтысының үлгісі ретінде  болған оқиға  айтыс түрінде жазылған. Өлеңдердің мазмұны өмір, туған жер, ұстаз, ата-ана, бала, махаббат және сағыныш туралы ақынның ой-толғамдарынан туындаған.

 

 

САРЫАРҚА

 

Ақ далам,  айдын далам, шалқар далам,

Атамның шапанындай жалпақ далам.

 Самал ескен жаңбырлы күнің нұрлы,

Қасиетті сарыарқа дархан далам.

 

Сарыарқа деп сарылып бабам кеткен,

Солардан қалған бағыт маған жеткен.

Самалыңа сергісем саған барып,

Деп сағынып өзіңді анам кеткен.

 

Сендегі тарихты ақтарайын,

 Сары арқа деп əн айтып мақтанайын.

 Қазақтың шаңырағын саған тіктік,

Дегенде кеңдігіңнен бақ табайын.

 

Əсем қала Астана көтерді бой,

  Төсіңде дүбірледі думан мен той.

 Қазағыма бақ мекен құтты мешін,

 Сарыарқам салтанатты ғажайып қой.

 

Қызың сұлу, бұл күнде ұлың алғыр,

Сыйлады үлкен бақыт саған тағдыр.

Жұмақ мекен қазаққа сен сарыарқа,

Сəттерім менің қымбат сенде əрбір.

 

Сенде тірлік қайнары жатқан қайнап,

Көліңде қиқулаған аққу жайлап.

Белдік тағып алтыннан ұлы мақсат,

 Қазағым тұр ұрандап Абылайлап.

 

                                              АНА

Ана деген ең асыл жан əлемде,

Бізді əкелген аналар ғой əлемге.

Ілтипатпен махаббатпен жігіттер,

Сол анадан туғаныңды дəлелде.

Ана деген құдіретті киелі,

Әрбір адам анаға бас  иеді.

Бауырына  басып сені жабықсаң,

Ана ғана мейіріммен сүйеді.

Ана деген жаны таза жалғыз жан,

Əрбір үйдің отын көсеп жанғызған.

Ана адал, судан тұнық, кінəсіз,

Дəл осындай сенім күтем əр қыздан.

Ана деген өте тəтті шекер де,

Ана сүті ауызыңнан кетер ме?

Табанында жұмақ кілті ананың,

Деген сөзді айтпаған ғой бекерге.

*****

Ана деген баға жетпес қазына,

Ана сөзі шексіз, шетсіз базына.

Өтемеспіз ақ сүтінің борышын,

Апарсақта біз арқалап қажыға.

Ойланайық, оятайық сананы,

Сонда біздің жұлдызымыз жанады.

Қазақ деген текті халық біз едік,

Аялайық ардақтайық ананы.

Мына біздер болу үшін бағалы,

Ойланайық азаматтар шамалы.

Əлемді де тербеткен жан ана ғой,

Құрметтейік, қуантайық ананы.

Санамызда тұрсын ана есімі,

Тербетілсін əрбір үйдің бесігі.

Анамызды аяласақ, қуантсақ,

Жұмақтың да бізге ашық есігі.

 

МЕН ДЕ КЕЛДІМ ҚЫРЫҚҚА

 

Мен де келдім қырыққа қас-қағымда,

Ойланбадым ештеңе жас шағымда.

Жастық шақ мəңгі баста тұратындай,

 Тіпті мен асықпадым саспадым да.

 

Ата-ананың қадірін білмеппін ғой,

Мəңгі-бақи жүрердей қастарында.

 Əкенің дəулетімен шалып басып.

 Қате екен оңды-солды шашқанымда.

 

Қырықта ақыл кіріп, кеш ойландым.

Жазайын сырымды бір ақтарыла.

Қадірін ата- ананың түсініңдер,

 Тұрғанда күн нұрланып аспаныңда.

 

Адамзат періште емес пенде рас,

Кейінгі сабақ болсын жастарыма.

Сөзімнің үлкен мəн бар астарында,

 Жастық шақ екі келмес бастарыңа.

 

Он бесте есейесің ақылың толып,

 Бойыңа салмақтылық сабыр қонып.

Ақылын ата-ананың тыңдамасаң, 

Ертең күн өкінесің санды соғып.

 

 Тағдырдың тəлкегі бар ойлан ерте,

Өмір кейде кетеді қанды сорып.

Ата-ананың дəулеті дəулет болмас,

Қызғалдақтай қаларсың бір күн солып.

 

                                     Өтірік айтпа, жалғанда ұрлық қылма,

 Жаратушы алла бар содан қорық.

 Оқы, үйрен, өнеге ал, елге қарап,

Есейем десең егер адам болып.

 

Шығады сенің əлі жақсы атыңда,

Жетесің алла берсе мақсатыңа.

Төзімді бол, төзе біл қиындыққа,

Болмайды өз-өзіңді ақсатуға.

Өмірдегі ең үлкен қателігің,

 Болмайды ата-ананы қақсатуға.

  Қателеспес пенде жоқ бұл өмірде,

 Уəде бер ісіңді жақсартуға.

Ешқашан бұлғанбайды біле білсең,

Құйса да лас бұлақ ағын суға.

 Өмірде өз қолыңда жақсы болу,

Ол үшін ең əуелі ақыл тыңда.

 Таланттыға нұр жауар деген қазақ,

  Егерде шығам десең биік шыңға.

 

                                              ШЫН МАХАББАТ

Шын махаббат аялаудан тұрады,

Басылмайды сағыныштың құмары.

Шын махаббат биік шыңның мұнары,

Қол ұстасқан жандар ғана шығады.

 

Шын махаббат нық сенімнен тұрады,

Сенім  деген ар-намыстың бұлағы.

Шын махаббат жанұяның ұраны,

Өшпейтіндей қасиетті шырағы.

 

Шын махаббат ашық күндей шуақты,

Ол мəңгіге ғұмырлы да мұратты.

Шын махаббат өте мықты қуатты,

Елемейді кедергі мен сынақты.

 

Шын махаббат төзімді де тұрақты,

Бағындырар биік шың мен қыратты.

Шын махаббат бірге туған сияқты,

Арлы, ибалы, мейірімді, ұятты.

 

Шын махаббат берік, мықты, қайратты,

Арыстандай батыл, əрі айбатты.

Шын махаббат желбіреген байрақты,

Бұзылмайтын берекелі қаймақты.

 

Шын махаббат жанұяның тірегі,

Екі адамның бірге соққан жүрегі.

Шын махаббат бірге болар тілегі,

Ажырамай мəңгі бірге жүреді.

 

Шын махаббат кем болмайды жұмақтан,

Жылағанды әлдилеген, жұбатқан.

Шын махаббат арайлаған ол ақ таң,

Сәуле шашып, айналасын қуантқан.

 

 

                                               САҒЫНЫШ

Сағынғаным соншалықты бір жанды,

Күндіз күлкім, түнгі ұйқым ұрланды.

Көңіл-күйім қоңыр күздей құлазып,

Мінезім де бұлтты аспандай бұлданды.

Сағынғаным соншалықты білмеймін,

Бір минутта сені ойламай жүрмеймін.

Көз алдыма елестетіп бейнеңді,

Сəл жымиям, бұрынғыдай күлмеймін.

Сағынғаным соншалықты неліктен,

Кездерім жоқ сағыныштан зеріккен.

Жүрегімді жаулап алған соншалық,

Неткен сұлу, неткен жаным көрікті ең.

 

Сағынғаным соншалықты білсең ғой,

Сенде мендей сағынышта жүрсең ғой.

Түсінер ең жүрегімнің лүпілін,

Мен сияқты ғашық өмір сүрсең ғой.

Сағынғаным соншалықты өзіңді,

Еске аламын өткен сол бір кезіңді.

Тәтті сөзің, қоңырүнің, ақ жүзің,

Сағындым ғой мөлдіреген көзіңді.

 

Сағынамын соншалықты жаным-ау,

Жаралыпсың мына менің бағыма.

Сағынғанның өзі шіркін бір бақыт.

Тәуба етемін сағынар жан барына.

 

 

****

Əй, сағыныш, кернедің ғой жүректі,

Көңіліме түсірдің ғой түнекті.

Түсінсең ғой, қандай күйде жүрмін мен,

Сені ойлаумен тағы да бір түн өтті.

 

Əй, сағыныш, жауладың ғой санамды,

Ғашықтықтан болды көзім қараңғы.

Ешкім дағы сенен басқа жаза алмас,

Мына менің жүректегі жарамды.

                                        Əй, сағыныш, ұрладың ғой ұйқымды,

Қабағыма күлкі емес, мұң тұнды.

Көз алдымнан кетпей қойды көлбеңдеп,

Сенің бейнең, періштем-ау, сүйкімді.

Əй, сағыныш, саған дауа табылмас,

Жүрегің де өзіңе еш бағынбас.

Неткен өмір, шөлдеп жүрмін сағынып,

Күн болар ма, сені əттең, сағынбас.

Əй, сағыныш, оның өзі бір бақыт,

Сені ойлап, түн ұйқыны ұрлатып.

Түсінетін жанға айтады сырды адам,

Менің сырым өзіңе айтқан үн қатып.

Сағындырмай сен қасымда болсаң ғой,

Жиі-жиі қасыңа əттең, барсам ғой.

Елсіз жерге жалғыз барып армансыз,

Сағыныш басып, жылап-жылап алсам ғой.

Сонда ғана жеңілдейді кеудемде,

Күшім жетер сүйген жаным сен деуге.

Сағынғанда сен де бір күн жетерсің,

Менің ғашық жүрегімді емдеуге…

 

 

****

 

Сағыныш кернеп жүректі,

Тағы да бір күн өтті.

Сағындырмай келсеңші,

Сейілтіп қара түнекті.

Сағыныш кернеп кеудемді,

Сағындым сұлу бейнеңді.

Мойныма келіп асылшы,

Болғызбай мені шерменді.

Сағыныш кернеп санамды,

Тауыспай төзім шамамды.

Енді алыс кетпеші,

Сенсіз күнім қараңғы.

Сағыныш кернеп бойымды,

Жинай алмадым ойымды.

Қасымда болшы мəңгіге,

Жасасып бірге тойымды.

Сағыныш кернеп болмады,

Ғашықтың қысып толғағы.

Айып етпе оқырман,

Ғашық жүрек толғады.